Компания «Балтех» – это лидер российского промышленного рынка по производству и поставке систем лазерной центровки валов, балансировочных станков и приборов балансировки, виброметров, стетоскопов и виброанализаторов
kz / ru / en / de Отправьте нам письмо    
04-08 желтоқсан араша 2017ж. "Сенімді жабдық "тұжырымдамасы семинар Германия
"Заманауи технологияны жетілдіру, өндірісті" Advanced technologies of produktion improvement

Астана, пр. Победы 79б, офис 104
Т/ф (7172) 52-29-42,
52-29-43, 52-29-66,
E-mail:
info@baltech.kz

Бастапқы бетМақалаларСертификаттарБайланыс мәліметтері
Версия для печати
Сделать стартовой

-- Техникалық сервис

Техникалық қызмет көрсету

(прайс-парақ)

«Балтех-қазақстан»компаниясының техникалық сервис бөлiмiнiң мамандары тапсырма беруші орналасқан жерде жабдықтың (ғимарат және желдеткiштер, үрлегiштер, электр қозғағыштар, редукторлар, компрессорлар, электр жабдық, тексеру) техникалық сервисiн орындайды. Техникалық сервистiң нәтижесінде есептер, хаттамалар және ұсыныстары бар шешiмдер ұсынылады.

Техникалық қызмет көрсету келесi бағыттарда iске асады:

1. Жабдықтардың діріл диагностикасы
2. Екпiндi импульстер әдiсінің көмегімен мойынтіректердің діріл диагностикасы
3. Жабдықты теңдестіру (3 жазықтықтан және 16 жазықтыққа дейiн)
4. Тетiктердi лазерлік ортаға дәл келтiру (көлденең тетіктерді- жалғастырғыштармен, тiк тетіктерді - фландықтарда)
5. Шкивтер және қайыс жетектерді (белбеулер, шынжыр, лента) лазерлік ортаға дәл келтiру
6. Жабдықтың геометриясын өте дәл лазерлік дәлдеу
7. Жабдықтың және қоршаушы құрылымдардың жылуын тексеру
8. «Протон-СПП» стендінде домалау мойынтiректерiнiң сапасын тексеру

Сiз «Балтех-қазақстан» компаниясының техникалық қызметін пайдалана отырып, жабдықтың жөндеуге кететін шығынын азайтасыз әрі оның апаттық iстен шығулары мен ақаулықтарының алдын ала аласыз. Сонымен бірге, техникалық қызмет көрсетуді пайдалану көрсеткiштерiн анықталған мөлшерде сақтауға көмектеседі. Осылайша, жабдыққа жоспарлы ескертiлген техникалық қызмет көрсету жүйесін күй бойынша қызмет көрсету жүйесіне алмастыруға септігін тигізеді.

Кешендi техникалық диагностика бағдарламасын iске асырудың екi әдiсі бар:

1.қажетті жабдықтарды сатып алып, кәсiпорынның өзінде техникалық бақылау қызметін құру.

2. Басқа қызмет көрсету ұйымының Техникалық қызмет көрсетуін пайдалану

Екiншi әдiс аздаған қызметкерлері бар, мұндай жұмыс түрлерiн жиi өткiзуді қажет етпейтiн орташа кәсiпорындарға ыңғайлы болуы мүмкін.

Жабдықтардың техникалық қызмет көрсетуі әр түрлi мерзiмдiлiкпен iске аса алады:

1.Бiр рет (ағымдағы техникалық қызмет көрсету және жоспарлы - ескертiлген жөндеу жұмыстарының көлемiн анықтау);

2.Кезеңді (айына бiр рет, тоқсанына бір рет, және т.с.с.);

3. Тұрақты (қызмет көрсетiлетiн жабдықтың күйi бойынша деректер қорын жүргiзу).

Бiз кеңес беруден бастап, зертханалар және техникалық диагностикамен бақылаудың қызметтерiн құралдармен жабдықтауға дейінгі әр түрін ұсынамыз. Сонымен бірге, «Балтех-Казақстан» компаниясының мамандары аспаптық және техникалық базаның мүмкiндiктерін көрсету үшін Сiздiң кәсiпорындарыңызға шыға алады.

Жабдықтың техникалық қызмет көрсетуіне келiсiмшартқа отыру кезінде бiз тапсырма берушiнiң барлық тiлегiн ескеруге тырысамыз. Икемді жеңiлдiктер жүйесi жұмыс iстейдi (прайс-парақ).

Т/ф (7172) 52-29-42, 52-29-43, 52-29-66 Все права защищены. При использовании материалов сайта ссылка обязательна