Компания «Балтех» – это лидер российского промышленного рынка по производству и поставке систем лазерной центровки валов, балансировочных станков и приборов балансировки, виброметров, стетоскопов и виброанализаторов
kz / ru / en / de Отправьте нам письмо    
04-08 желтоқсан араша 2017ж. "Сенімді жабдық "тұжырымдамасы семинар Германия
"Заманауи технологияны жетілдіру, өндірісті" Advanced technologies of produktion improvement

Астана, пр. Победы 79б, офис 104
Т/ф (7172) 52-29-42,
52-29-43, 52-29-66,
E-mail:
info@baltech.kz

Бастапқы бетМақалаларСертификаттарБайланыс мәліметтері
Версия для печати
Сделать стартовой

-- Оқу материалдары

1. Көлденең ортаға дәл келтiру бойынша тренингтерді өткiзуге арналған оқу стендi

центровка роторных машинЖабдықты ортаға дәл келтiру бойынша оқу стендi Көлденең машиналарды ортаға дәл келтiру үрдістерін пiшiндеуге мүмкіндік береді.

Сiз өзіңізге ыңғайлы уақытқа өз кәсіпорынызда жұмыс атқаратын техникалық мамандарға iшкi үйрену немесе аттестациядан өткiзу кезінде жабдықты ортаға дәл келтiру бойынша тренинг өткiзе аласыз.

Бiр тiрек жылжымайтын болса, екiншiсі көлденең және тiк жазықтықтарда жылжи алатын болады. Екi бiлiк жалғастырғыш арқылы жалғасады және өс бойынша айналатын ыңғайлы сабы болады. Осылайша, Сіз өстес еместік есептеуін жасап, жылжымалы тiректiң табандары бойынша түзету жасай аласыз.

Стенд тасымал кейсiне салынады.

Стендттің габариттiк өлшемдерi 200 х200х600 мм

Стендттiң салмағы 3 кг, қолда бар!

стенд для горизонтальной центровки стенд для  проведения тренингов по   центровке

2.Жабдықты теңдестіру және діріл диагностикалау бойынша тренинг өткізуге арналған «Протон-Стенд» оқу стенді.

стенд для  проведения тренингов по   балансировкеБұл стенд өз тіректерінде роторларды динамикалық теңдестіруге байланысты үдерістердi пiшiндеуге, сонымен бірге дірілбақылау мен діріл диагностикасын жүргізуге арналған. Стендте 5 нүкте бойынша 2 жазықтықты түзетуге болады.

Айналу жылдамдығы 1-50 гц аралығындағы (60-3000 айналым/мин) айналымдарды жоғары жиiлiктi реттеуiшпен реттеледi, стендттiң габариттiк өлшемдерi 200 х150х500 мм, салмағы 6 кг.


3.Мойынтiректерді құрстыру және демонтаждауға арналған оқу тренинг стендтері:

3.1 құрастыру бөлшектеріне арналған 10 құрастыру комплектісі: 5 жалғастырғыштан, 2 отырғызатын ұядан, 3 жалғастырғыштан және отырғызатын ұядан тұрады. Біліктің диаметрі - 15 мм-ден 55 мм-ге дейін. Комплектіге оқу әдiстемелiк қосымша да қоса салынады.

3.2 8 жұмыс схемасына арналған «құрастыру-1» бiлiк және отырғызатын ұя –оқу-жаттығу комплектісі.

Комплектіге оқу әдiстемелiк қосымша да қоса салынады.

3.3 5 жұмыс схемасына арналған «құрастыру-2» гидравликалық құрастыру - оқу-жаттығу комплектісі

Комплектіге оқу әдiстемелiк қосымша да қоса салынады.

3.4 7 жұмыс схемасына арналған «құрастыру-3» оқу-жаттығу комплектісі мойынтiректi отырғызу. Комплектіге оқу әдiстемелiк қосымша да қоса салынады.

Оқу комплектілерінің сипаттамасы мынадай:

- өлшемдері - 1135 х710х380мм,

- салмағы 94 кг (iшiндегiмен қоса есептегенде),

- құрастыру сөресі: өлшемдері 500 х300х300мм,

10 түрлі бөлшектерге, iрiктеп жинақтауға байланысты 5, 7 немесе 8 жұмыс схемаларына сәйкес келеді

4. «Мойынтірек түйiндерiн құрастыру және бұзу» мультимедиасы

Мойынтірек түйiндерiн құрастыру және бұзу бойынша бейнелік оқу курсы мультимедиасы машиналар және тетiктердiң сенiмдiлiгін қамтамасыз ету үшiн қажеттi әдiстерді, аспаптарды және технологияны көрнекi түрде көрсетедi. Бұл бейне курс DVD дискіде жеткізіледі.

Мультимедийный курс Монтаж и  демонтаж подшипниковых узловқысқаша мазмұны:

  • Мойынтірек түйiндерiн құрастыру және бұзу. Схемалар және талаптар
  • Сапаға қойылатын талаптар
  • Мойынтірек түйiндерiне қызмет көрсетуге арналған аспаптар
  • Мойынтірек түйiндерiндегі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ережелер туралы
  • Мойынтірек түйiндерiн майлау
  • Мойынтірек түйiндерiнің тығыздалуы. Тығыздалудың классификациясы және тығыздалудың кейбір түрлерін іс жүзінде қолданудың шарттары
  • Мойынтіректерді сақтаудың ережелері.

«Жабдықтарды ортаға дәл келтiруiн негiздері» мультимедиасы

Основы  центровки роторных машинОсы бейне курс көлденең машиналар мен тетiктердi ортаға дәл келтiру бойынша оқу бейне құралы түрінде жеткізіледi. Бұл бейне мультимедиалық оқу тренингінде лазерлік ортаға дәл келтiруге байланысты барлық үдерістер көрсетілген. DVD дискіде жеткізіледі.

Мазмұны:

Ортаға дәл келтiру теориясының және роторлы машиналардың геометриясын дәлдеудің негiздерi:

  • Роторлы жабдықты ортаға дәл келтiруге кiрiспе. өстестiк және өстестiк еместiкті анықтау. Негiздi терминдер және анықтамалар
  • өстестікті және өстес еместiкті өлшеу әдiстерi және анықтамалары
  • Роторлы жабдықты ортаға дәл келтiру бойынша нормалар

Лазер жүйелер арқылы бiлiктерді ортаға дәл келтiрудің әдiстері мен әрекеттері:

    Основы  центровки валов
  • Жалғастырғышты ортаға дәл келтiру
  • Сызықтықты, жазықтықты, параллелдiкті және перпендикулярлықты дәлдеу
  • өткiзiлген жұмыстардың сапасын бағалау
  • Жұмыстық құжаттау. Кәсiби есеп жасау

әдiстемелер, бақылау және түзетулер:

  • әр түрлi әдiстер арқылы роторлы машиналардың өстестiгiн дәлдеу
  • «Жұмсақ табанды»бақылау және түзету
  • қамал өткiзгiштiң өстестiгiн дәлдеу
  • Жылыту кеңейтулерiн бақылау туралы және динамикалық орын ауыстырулардың өтемі
  • қайыс жетектерді дәлдеу
  • Ортаға дәл келтiру бойынша жұмыстарды өткiзу туралы есеп беру

6. Діріл диагностикасы негiздері бойынша мультимедиалық оқулық - CD

Основы  вибродиагностики

Мультимедиалық оқулық диагностика жасаушыларға, инженерлер және жұмысық машиналар мен тетiктердiң қызмет көрсетуiнiң жаңа технологияларымен байланысты техникалық мамандарға арналған. Зерттеудің мән-мағынасы – роторлық машиналардың ақаулықтарын анықтау үшiн қажетті дірілдеуді саралау теориясы мен әдістері. Оқулық CD-да жеткізіледі.

Оқулықтың мазмұны:

Машиналар және тетiктердiң дiрiлiне кiрiспе

  • Дiрiлдің негiзгi сипаттамасы
  • Меншiктi және ерiксiз тербелiстер, тербелмелi жүйелердiң меншiктi жиiлiктерi.
  • Діріл қозғалысы, дiрiл жылдамдығы, дiрiлдiң үдеуi. өлшем бiрлiктерi
  • Төмен жиiлiктi, орташа жиiлiктегi, жоғары жиiлiктi және ультра-дыбыс дiрiлдеу, оның қасиетi.
  • Дiрiлдi мөлшерлеудiң ерекшелiктерi
  • Жабдықтың бақылау нүктелерiн, жұмыс тәртiптерiн, мерзiмдiлiгiн таңдау.
  • Дiрiл бойынша жабдық күйiнiң аймақтары

Діріл диагностикасының негiздерi. Дiрiлдi өлшеу және бақылау

  • ISO 10816 халықаралық стандарттары талаптарына сәйкес ағымдағы техникалық күйдi бақылау.
  • Абсолюттiк және салыстырмалы дiрiлдi өлшеу түрлендiргiштерi туралы. Пьезоэлектрлік үдеу өлшегiштер, құйынды ток проскиметрлері, дiрiл жылдамдығының лазерлік тетіктерi. Ротордың бұрылу бұрышының (айналымдар) тетіктері.
  • Тетіктерді қою нүктелерiне және бекiту әдiстерiне қойылатын талаптар.
  • Дабыл пішінінің амплитудасы, мерзiмі, басылу ұзақтығы, жылдамдығы, орташа квадраттық және ең жоғарғы мәндері, пикфактор бойынша талдау.
  • Дабылдарды фильтрлеу және спектрлiк талдау.
  • Талдаушы құрылғыларға қойылатын талаптар.
  • Дiрiлдi барлау бағдарламалары.

Жабдықтардың дірілін жөндеу

  • Бiлiктердi ортаға дәл келтiру. Бiлiктердiң статикалық және динамикалық өстес еместігі.
  • Жұмыс үстіндегі агрегаттың өстес еместiгін табудың әдiстерi. өстес еместіктi бақылаудың және өтеудің техникалық және программалық құралдары

7.Жабдықты ортаға дәл келтiру негiздерi бойынша мультимедиалық курс - CD

Курс жөндеумен және роторлы жабдыққа техникалық қызмет көрсетумен шұғылданатын техникалық мамандарға арналған, жабдықты ортаға дәл келтiру бойынша теориялық және практикалық негіздерден және практикалық әдістерден тұрады.

Курста ортаға дәл келтiру бойынша өткізілген іс-шаралардың экономикалық тиімділігін есептейтін арнайы бағдарлама болады.

Курс мазмұны:

Мультимедийный курс по  основам центровки оборудования 1.Бiлiктердi ортаға дәл келтiру негiздерi
1.1. Айналу орталары
1.2. өстестiк
1.3. өстес еместік
1.4. Тұрақты және жылжымалы машиналар
1.5. Көлденең ортаға дәл келтiру
1.6. Тiк ортаға дәл келтiру
1.7. өстест еместіктiң түрлерi
1.8. Бiлiктiң жылжуы
1.9. Бұрыштық өстес еместік
1.10. Ортаға дәл келтiруге кiру рұқсаттарына шолу
1.11. Ортаға дәл келтiруге кiру рұқсаттарының кестесiнiң мысалы
2. Ортаға дәл келтiру ісіне шолуы
2.1 Ортаға дәл келтiруді тексеру ісіне шолу
2.2 Ортаға дәл келтiрудi түзету ісі
2.3.Ортаға дәл келтiрудi есептеудің үш кезеңі
3. Ортаға дәл келтiрудiң әдiстерi
3.1. Ортаға дәл келтiрудiң әдiстерiне шолу
3.2 Механикалық әдiстер
3.3. Лазер жүйелерi.
4. Жабдықтың ортаға дәл келтiруiдің маңыздылығы
4.1. өстес еместiктің білінуі
4.2. Бiлiктердi ортаға дәл келтiру нелiктен маңызды?
5. Сағаттық индикаторлар мен ортаға дәл келтiрудің негiздерi
5.1. Сағаттық индикаторлардың көрсеткіштері.
5.2. Индикаторлардың шығу элементтерiнiң иiлiсi.
5.3. Бұрыштық өстес еместiкті сағаттық индикаторлар арқылы өлшеу.
5.4. Сағаттық индикаторлардың өлшемдерінiң дәлдiгiн тексеру.
6. Екi лазердің көмегімен ортаға дәл келтiру
6.1 Конус жайлы мәлiмет
6.2 Сағаттық индикаторлардың әдiстерiн салыстыру
7. Лазерлік технологияның негiздерi
7.1 Лазерлік технологиялар
8. өлшегiш блоктердi бекiту әдiстерi
8.1 Бекiткiштердi құрасстыру балама әдісі
8.2 Машиналарды қосу және реттеу
9. Жабдықты ортаға дәл келтiру бойынша стандарт

Т/ф (7172) 52-29-42, 52-29-43, 52-29-66 Все права защищены. При использовании материалов сайта ссылка обязательна